Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов: «Аспаннан тікұшақ көрсеңіздер, автоматпен атыңыздар»

Куат Хамит

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов көшеде дезинфекция жасап жүрген жандарды бірден ұрып-соғу керек деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Оның видео-үндеуі әлеуметтік желілерде кеңінен тарауда.

«Кеше ғана қайта дезинфекциялау басталды. Халықты улау басталды. Сондықтан көшеден ондай адамды көрсеңіздер, қолыңызға түскен нәрсемен, таспен, таяқпен ұрып тастаңыздар. Ал аспаннан тікұшақпен шашып жатқанын көрсеңіздер, кімнің үйінде автоматы бар, солар атсын. Біз қазір соғыста жүргендейміз. Сондықтан вирустың қайта таралмауы үшін адамдар қолдан келгенінің бәрін жасаса деймін. Олар тағы халықты уламаса деймін. Алға! – деп жазды ол.

Айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желілерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандардың халыққа вирус таратып жатқаны жайындағы ақпарат тараған еді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда әйелдерге пандемия кезінде жүкті болмауға кеңес берілді

azatmedia

«Бораттың» режиссері неге Қазақстанды таңдағанын айтты

azatmedia

300 мың теңге. Кімдердің кредиті кешірілді?

azatmedia

Пікір қалдыру