Қоғам

Үй тапсырмасын орындамаған оқушыны мұғалімі өлтіріп қойды

Мектеп

Үй тапсырмасын орындамаған баланы мұғалімі өлтіріп қойды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Тайландта мұғалім үй тапсырмасын орындамаған оқушының 100 рет отырып-тұруын талап еткен. 13 жастағы бала физикалық жаттығуды жасауға осылайша мәжбүр болыпты. Бірақ сол күні кешкісін ол өзін нашар сезініп, ертеңіне көз жұмған. Баланы жақындары өлі күйінде тапқан. Өлім себебі – физикалық жаттығу болуы мүмкін.

Баланың ағасының айтуынша, інісі бір күн бұрын ауруханадан шығыпты. Оның физикалық жаттығу жасауға мүмкіндігі болмаған. Алайда мұғалім мұны білсе де оны жаттығу жасауға мәжбүрлеген. Мектеп басшылығы қайтыс болған баланың отбасына хабарласып, кешірім сұрады.

Баланың отбасы мен жақындары бұл оқиға оқушыларға қатаң жаза беретін өзге мұғалімдерге сабақ болса екен дейді.

Қатысты жаңалықтар

Масылдық та дерт

azatmedia

АҚПАРАТ САЛАСЫНДА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУІМІЗ КЕРЕК

azatmedia

«AMANAT» : ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕР ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру