Басты жаңалықтар

Әлемде кедейлік басталуы мүмкін

Кедейлік

Адамзат үшін әлемдік кедейліктің басталуы болжанды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған.

Коронавирустық пандемия 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстырмалы түрде бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелетіні атап өтілген.

Ұйым өкілі Оливье де Шуттер әлем бойынша 176 миллион адамға кедейлік қаупі төніп тұрғанын айтты. Баяндамада көптеген елдерде пандемия кезінде азаматтарды қолдау бойынша қысқа мерзімді шаралар қабылданған, бірақ олар жеткіліксіз екені баса айтылған.

«Кедейліктің негізгі деңгейі күніне 3,2 доллар болса, тағы 176 миллион адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл «КОВИД-19 жоқ» кездегі сценарийімен салыстырғанда кедейлік деңгейінің 2,3 пайызға өсуіне тең», – деді ол.

Шуттер мемлекеттерді кедейлік пен теңсіздікті жою үшін неғұрлым батыл қадамдар жасауға шақырды, өйткені қазіргі жағдайда, оның пікірінше, ауыр дағдарыс сөзсіз болады және оның салдары адамзатқа ауыр әсер етеді.

Қатысты жаңалықтар

Президент коронавирус індетін жасырып отырғандарды әшкереледі

azatmedia

Құс тұмауы адамға жұға ма? – министрлік жауабы

azatmedia

Тұңғыш Президент қызының шетелдегі 131 миллион доллары елге қайтарылады

azatmedia

Пікір қалдыру