Әлем жаңалықтары

«Тек ақша үшін дейді»: Жап-жас ару әкесімен жасты жанға тұрмысқа шықты

Ақш

АҚШ-тың Юта штатында тұратын 24 жастағы Кэлси Аллен әкесімен жасты адамға тұрмысқа шықты. Бойжеткен болашақ жарын небәрі 19 жасында кездестірген, ал ол кезде ер адам 47 жаста еді. Қос ғашық араға тек бес жыл салғаннан кейін ғана үйленуге шешім қабылдаған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өзіненен едәуір үлкен адамға тұрмысқа шыққан Келсидің сезімінің шынайы екеніне сенетіндер аз болған. Ол тіпті, көшеде өтіп бара жатқан кезде адамдардың өзіне жаман қарайтынын байқаған. Олар Келси Полмен тек ақша үшін жүр деген ойласа керек.

Әуелде бойжеткен жұрттың сөзін көңіліне алса, уақыт өте келе оларға назар аудармауды жөн көріпті.

«Мен оны сүйемін. Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін түсіндім. Оны өзгелердің сөзіне құлақ асып, құр өткізе алмаймын. О баста жақындарымыз да біздің қарым-қатынасымызға күмәнмен қарады. Бірақ бізді жақсырақ танығаннан кейін бәрі өз орнына келді», – дейді Кэлси.

Қазіргі уақытта 53 жастағы Полдың 27, 25 және 23 жастағы балалары бар. Олар әкесінің 24 жастағы жарымен тіл табыса алған.

Қатысты жаңалықтар

Анасымен 55 жылдан кейін қауышты

azatmedia

Корея елінен көмек келді

azatmedia

Жер бетіндегі ең жоғары температура

azatmedia

Пікір қалдыру