Соңғы жаңалықтар

Кек алу үшін сүйіктісінің үйін өртеп жіберген

Пенза қаласының тұрғыны қоңырауы мен хабарламаларына жауап бермегені үшін сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Пенза қаласының Ішкі істер департаментінің сайтына сілтеме жасап.

Үй толығымен жанып кеткен. Үй жана бастаған уақытта онда күдіктінің сүйіктісі, оның бауыры мен ағасы болған. Олар үйден дер кезінде шығып үлгерген. Енді күн суығанша үйдің аман қалған бір бөлмесін паналамақ. Бөлмеде газ да, жарық та жоқ.

Эксперттер үйдің қасақана өртенгенін айтып отыр. Полиция бірнеше сағаттың ішінде күдіктіні құрықтады. Ол – бұрын үстінен іс қозғалған 1991 жылғы әйел. Күдікті үйді кек алу үшін өртегенін мойындады. Себебі олар айырылысқаннан кейін қыз бірнеше рет жігітке хабарласқан. Бірақ жігіттен жауап болмапты.

Үйді өртеген қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАН МЕН ҚАЖЫТАЙ ҰШҚЫШ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру