Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда иттерді зорлаған

«СтопОтлов» еріктілер қозғалысының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы жануарларды ұстау изоляторындағы 4 иттің зорланғаны жайында жазды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Біз мұндай жағдаймен бетпе-бет келеміз деп ешқашан ойламаппыз. 6 қыркүйек күні фондымыздың 1 еріктісі Ақсүмбе көшесінде орналасқан иттер мен мысықтарды ұстау изоляторында жыныс мүшелерінде жарақаты бар зорланған 4 итті байқап қалады. Бірінен қатты қан аққандықтан, бірден клиникаға алып бардық. 7 қыркүйекте қалған 3 итті де клиникаға алып барып, полицияға хабар бердік. 8 қыркүйек күні 4 итке де сексуалдық сипаттағы зорлық жасалғанын дәлелдейтін медициналық сараптаманы қолға алдық» делінген қозғалыстың Instagram парақшасында.

Енді қозғалыс мүшелері істің толық зерттеліп, кінәлілердің жазалануын сұрап отыр. Сондай-ақ жазбада бұдан былай үнсіз отырмайтындарын да жеткізген.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысының ақ халаттылары бір тұрғынды алдап, екпе салып жіберген

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 600 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

azatmedia

Пікір қалдыру