Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері 24,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары барлығы 835 кәсіпорынның 25 мың жұмысшыға жалақы бойынша 2,6 миллиард доллар берешегі бар екенін анықтады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Нәтижесінде 24,5 мың жұмысшының құқығы қорғалып, оларға тиісті айлық жалақы төленген.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізді. Қорытындысы бойынша 3,7 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталып, 124,6 млн теңге сомаға айыппұл салынған.    

Қатысты жаңалықтар

Шымкент: Оқушыдан коронавирус анықталды

azatmedia

Қазақстан халқының көпэтностық және көпконфессиялық ерекшелігі мен бірлігі

azatmedia

«Kaspi.kz-тен ақша жоғалып жатыр» – соңғы шыққан әзілдер топтамасы

azatmedia

Пікір қалдыру