Соңғы жаңалықтар

Митинг. Экс-президент босатылды

Митингіге шыққандар мен қарулы күштер арасындағы текетірес кешкі 20:00-де басталып, олардың ақүйге кіруімен аяқталды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы 24.kg және РИА Новости сілтеме жасап.

Елдің заң шығарушы органына өтпей қалған партияның жақтастары қақпаны көлігімен бұзып, ішке кірген. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бірнеше минут бұрынға дейін парламент ғимаратынан көліктер шыққан.

Митингіге шыққандармен бірге ғимаратқа республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев та кірген. Ресми расталмаған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстікке ұшып кеткен. Мемлекет басшысы аппаратының бастығы Досалы Эсеналиев, баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиеваға хабарласу мүмкін болмай жатыр.

 Соңғы деректер бойынша, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен екі экс-депутат Садыр Жапаров пен Равшан Дженбеков босатылған. ІІМ-нің бұрынғы басшысы Курсан Асанов Бішкек коменданты болып тағайындалған.

Айта кету керек, елдегі минтинг парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсылықтан болып жатыр. Сайлау нәтижесінің 5 қазандағы жағдайы бойынша, бірінші орында «Биримдик» партиясы тұр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ИЗРАИЛЬДІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

В КАКИХ СЛУЧАЯХ ВЫ ИМЕЕТЕ ПРАВО НА БЕСПЛАТНЫЙ ПРОЕЗД В ОБЩЕСТВЕННОМ ТРАНСПОРТЕ?

azatmedia

ОРДАБАСЫ: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру