Шоу-бизнес

Алла Пугачева мен Галкин ажырасып жатыр

Пугачева

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары танымал әнші Алла Пугачева мен Максим Галкиннің ажырасып жатқанын жарыса жазуда. Бұл туралы Azatmedia.kz ақпараттық порталы mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдыздар арасында Алла Пугачева мен Максим Галкиннің некесі бұзылғаны туралы сыбыс тарап кеткен.

«Телепрограмма» дерекөзінің ақпаратына сәйкес, ондай сыбыстың шыққанына бірнеше ай болған. Отбасының шайқалуына не себеп болғаны белгісіз. Десе де таблоидтар Пугачева мен Галкиннің жақын достары бұл сыбысқа қатысты үнсіз отырғанына баса назар аударған.

Мәселен, Пугачеваның бұрынғы күйеуі Филипп Киркоров бұл сұраққа келесі жауап қайтарыпты:

«Маған бұл туралы сөз қозғау ыңғайсыз. Сенбесеңіз де, бұл жайтқа қатысты пікір білдіруге менің еш құқым жоқ», – деген ол сұхбаттарының бірінде.

Николай Басков та бұл сыбысты жоққа шығаруға асықпады.

«Екі тараппен де жақсы қарым-қатынастамын. Сол себепті, бұл жайтқа қатысты өз пікірімді өзімде қалдырғым келеді», – деді ол

Сол арада жұлдызды жұптың әлеуметтік желісіндегі жазбалар Алла мен Максимнің арасында қандай да бір жанжал болғанын аңғартпады. Жақында олар балаларын бірге алғашқы қоңырауға алып барған. Олар бұл сәтті желі парақшасында жария етті.

Қатысты жаңалықтар

«Анамның ойымен келіспеймін» – Әли Оқапов Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады

azatmedia

Әбдіжаппар Әлқожа теріс қылығы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

azatmedia

Әнші Жазира Байырбекова халықтан кешірім сұрады

azatmedia

Пікір қалдыру