Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан басқа қандай аурулар тараған кезде елде карантин жарияланады

карантин

Қазақстан шектеу шараларын енгізу қағидалары мен карантин жарияланатын инфекциялық аурулардың тізімін бекітуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тиісті бұйрықтың жобасы НҚА порталында жарық көрді.

Шектеу шараларын жүзеге асыру қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс бойынша дайындалған.

Құжатта инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және карантин кезінде кәсіпкерлік және өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар қамтылды.

Сондай-ақ, шектеу шараларын, соның ішінде карантин жариялауға алып келіп соғатын инфекциялық аурулардың тізімі бекітілуде. Олар:

  • оба
  • тырысқақ
  • сары қызба
  • вирустық геморрагиялық қызбалар
  • ауыр жіті респираторлық синдромы (АЖРС)
  • вирустың жаңа кіші типі тудырған адам тұмауы
  • вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирус инфекциясы

«Инфекциялық және паразиттік вирустардың елімізге таралу қаупі туындаған жағдайда, Қазақстанның бас санитар дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін республиканың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде немесе елдің бүкіл аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын, соның ішінде карантин енгізеді», – делінген тиісті құжат жобасында.

Тізімге енбеген инфекциялық аурулардың таралу қаупі төнсе, жекелеген аумақтарда карантин Қазақстанның бас санитар дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде құрылымдық бөлімшелердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен жарияланбақ.

Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шаралары кезінде ел аумағына кіріп-шығу, өңірлер арасындағы қозғалыс шектеліп, митингтер, бұқаралық, мәдени, спорттық шаралар, той-томалақ өткізуге тыйым салынады.

Кәсіпкерлік және басқа да қызмет нысандарының жұмысы шектеледі.

Бұйрықтың жобасы осы жылдың 28 тамызынан бері талқылануда. Талқылау 14 қыркүйекке дейін созылмақ.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді.

Сондай-ақ, әлемде бір тәулікте вирус жұқтыру бойынша рекорд тіркелді. Ғаламшарда өткен бір тәулікте 304 626 адамнан коронавирус табылған. Бұл пандемия басталғалы бері ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. 14 тамызда 304 351 адамнан COVID-19 анықталған еді.

Қатысты жаңалықтар

3500-ден астам адам оқудан өтті

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ПОКАЗАТЕЛЬ ОБЕСПЕЧЕННОСТИ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ ПЛАНИРУЕТСЯ ДОВЕСТИ ДО 98%

azatmedia

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру