Соңғы жаңалықтар

Ақырзаман болатын уақытын ашып айтты

Конец цвета

Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Azatmedia.kz порталы golos.ua сайтына сілтеме жасап.

Леонардо да Винчидің туындылары бірталай зерттеуші-мамандардың қызығушылығын тудыруда. Суретшінің картиналары болашақты болжайтынына сенімді мамандардың бірі, Ватикан тарихын зерттеуші Сабрина Сфорца Галиция суретшінің туындыларының біріндегі құпияны ашқанын мәлімдеді.

Ол италиялық суретші Леонардо да Винчи қалдырып кеткен болашаққа қатысты болжамдардың бірін таба алғанын айтуда.

Маманның сөзіне сенсек, суретшінің туындысы 4006 жылы ақырзаман болатынын көрсеткен. «Құпия кеш» деп аталатын картинадан әлемнің болашағын жорыған маман суреттегі латын қарпімен жазылған 24 әріп тәуліктің 24 сағатын білдіретінін алға таруда. Одан бөлек картинада үш топ апостол, үш терезе сынды дүниелердің салынуы үш санына баса назар аудартады екен.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі өзгертілді

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

azatmedia

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдықты

azatmedia

Пікір қалдыру