Әлем жаңалықтары

Әлемде коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталды

Түркия

Түркияда коронавирустың екінші толқыны өтуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Пандемия жалғасуда, күн сайын инфекция жұқтырғандардың саны артып келеді. Біз екінші кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Анкара, Стамбул, Измир, Бурса әлі де жоғары қауіпке ие, – деді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа.

Ол елдің бірқатар провинциясында – Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары көптеп тіркеліп жатқанын айтты.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбіде Түркияда коронавирустың 1596 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 15 маусымнан бергі күн сайынғы ең үлкен өсім. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 273 301-ге жетті, тәулігіне 45 адам қайтыс болды, пандемия басталғаннан бастап 6462 адам қайтыс болған.

Қатысты жаңалықтар

Дәрігерлер әйелді босандыру кезінде нәрестенің басын жұлып алған

azatmedia

Трамп ауыр хәлде, инсульт алған

azatmedia

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

azatmedia

Пікір қалдыру