Спорт

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек күні белгілі болды

головкин

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе жек туралы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Azatmedia.kz   Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның берген ақпараты бойынша, жанкүйерлер «Канело» мен GGG арасындағы жекпе-жекті биыл тамашалай алмайды. «Канело» Альварес қазіргі кезде Сергей Деревянченкомен 14 қыркүйекте жұдырықтасу туралы келіссөздерді жүргізу үстінде. «Канело» басқа қарсыластарын да қарастыруда, бірақ олардың арасында Головкин жоқ. «Канело» — GGG арасындағы жекпе-жектің 2021 жыл басталғанша өтуі екіталай», – деп жазды Коппинджер Тwitter-де. 

Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметаа (21-0, 5 КО) қарсы өткізетіні күтіліп отыр. Бұл жұдырықтасу тамыз айында өтуі тиіс

Қатысты жаңалықтар

АСЫҚ АТУДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

azatmedia

«Головкин VS Шеремета» чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

azatmedia

Қазақ-қырғыз «Көкпар» Федерацияларының басшылары кездесті

azatmedia

Пікір қалдыру