Соңғы жаңалықтар

Қашықтан оқыту екі форматта жүргізіледі

Школа

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту бойынша негізгі екі бағытты атап көрсетті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі.

Қашықтан оқыту бойынша негізгі 2 бағыт бар. Біріншісі – интернет арқылы оқыту. Ол бойынша қазіргі уақытта 8 интернет-платформа жұмыс істеп тұр. Ал екіншісі – төртінші тоқсандағыдай телеарналардан сабақтар көрсету. «Balapan» және «Ел арна» күндік эфир кестесінің 9 сағатын бейнесабақтар көрсетуге бөліп отыр, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.

Сонымен қатар министр өз баяндамасында мектептердің, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жоғарыда аталған интернет-платформалардың ыңғайы мен берер мүмкіндіктеріне қарай бірін таңдап, жұмыс істейтінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШЫҢҒЫС МҰҚАН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 6 КІТАПХАНА МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

«Боратқа» неліктен ескерткіш орнатылғаны белгілі болды

azatmedia

Пікір қалдыру