Ақпарат

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

Мектеп

1 қыркүйектен бастап еліміздегі оқушылардың 20 пайызға жуығы мектепке барады. Ал қалған 80 пайызы қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі.

Мектепте оқуға қатысты екі ерекшелік бар. Біріншісі – кезекші сыныптар жұмысы. Егер 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары тарапынан өтініш болса, кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Екіншісі – шалғайда жатқан ауылдардағы шағын жинақты мектептер. Аталған ауылдарда эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, оқушылардың мектепте оқу мүмкіндігі бар, – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.

Сонымен қатар министр өз баяндамасында тамыз айының соңындағы министрлік деректеріне де тоқталып өтті. Ол бойынша, биыл 1 қыркүйектен бастап 2,6 миллион оқушы қашықтан оқиды. Ата-аналардың өтініші бойынша 530 мың оқушыға кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Ал қалған шалғай жатқан ауылдардағы 202 мың оқушы дәстүрлі форматта білім алмақ.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

azatmedia

ЕҢБЕКТЕН АЛЫСТАУ МАСЫЛДЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

azatmedia

Қазығұртта ет импорттау алға басып келеді

azatmedia

Пікір қалдыру