Соңғы жаңалықтар

Сапалы ауыз су – ауылға

Келес ауданының Жамбыл ауылдық округі 1994 жылы құрылып, округ құрамындағы елді мекен тұрғындары ау суды тасымалдап тұтынған, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Осы орайда 2020 жылы аталған әкімшілік аумағындағы Бекбота, Ащыкөл және Қалғансыр ауылдарының ішкі ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық сметалық құжаты дайындалып, сараптамадан өткізілген. Нәтижесінде, Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекенінде тартылатын жалпы құны 438 миллион 658 мың теңге тұратын ауыз су жүйесін жүргізуді «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған. Қазіргі уақытта 110 миллион теңге қаралып, алғашқы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Қалғансыр елді мекеніндегі ауыз су жүйесін жүргізу құқығын да жоғарыда аталған ЖШС ұтып алған. Сумен жаб­дықтау нысан­дарын салу жыл сайын Үкімет бекітетін Бірыңғай ны­сан­дар кестесі бойын­ша жүзеге асырылады. Нысандар құры­лы­сын салу кезінде ба­сымдық берілетін жағдайлар ескеріледі. Сонымен бірге жыл сайын ба­сымдық берілген сумен жабдықтау нысан­дары­ның құрылысына республи­ка­лық және жергілікті бюджеттерден бө­­­­­лі­нетін қар­жы қатаң есеп­ке алы­нып отырады. Жобалау-зерт­теу жұмыс­та­ры да ат­қару­шы органдар тара­пы­нан қатаң ба­қы­лауда болады. Бағ­дарлама шеңберін­де ауыз су сапасын жақ­сарту үшін тозығы жеткен осы су тарату желілерін жаңарту мәселесі бірінші кезекке қойылып отыр. Осы орайда, жоспарлы ша­­­ралар то­лық іс жүзіне асы­рылған кезде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қам­та­масыз ету мәселесі түбе­гей­лі шешім табатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Масканың сапасын қарапайым оттықпен тексеруге болады

azatmedia

БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 40 БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН СЫЙЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТУДА

azatmedia

Пікір қалдыру