Соңғы жаңалықтар

Туристер санын 10 есеге ұлғайтпақ

Экология министрлігі «Шарын» ұлттық паркі аумағында 2 визит-орталық, этноауылдар, көру алаңдары, тамақтану орындары мен эко қонақ үйлерін салуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды informБЮРО.

2019 жылы «Шарын» ұлттық табиғи паркіне 20 мыңнан астам адам келген. Туристерге қызмет көрсеткені үшін парктің арнайы шотына 16,7 млн теңге түскен. Алайда Үкімет Шарындағы инфрақұрылымның қазіргі заманға сай келмеуінен экотуризм тиісті деңгейде дамымай отырғанын айтады. Соған орай, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұлттық паркті дамыту жобасын іске асыру арқылы келушілер санын 190 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Бұл жоспар қалай жүзеге аспақ?

Экология вице-министрі туристік бағдарлар мен соқпақтарды дамытуға баса назар аударылып, жеңіл құрылымдардан визит-орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, этноауылдар салу жоспарда барын айтты. Сондай-ақ, ірі нысандар құрылысына жол берілмей, сапалы қызмет көрсететін бірыңғай туристік өнім жасау көзделген.

Жобаны әзірлеушілер АҚШ пен Қазақстанның ұлттық парктері ұқсас болғандықтан америкалық модельге сүйенген. Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев былтыр жоба авторлары Вашингтонда болып, АҚШ-тағы ұлттық парктер қызметінің басшылығымен кездескенін атап өтті. Оның сөзінше, Америкада парктерді басқару мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаларына сүйенеді. Жеке компания туризмді дамыту мақсатында барлық бизнес-процестерді ұйымдастырса, ал парк әкімшілігі кірістердің бір бөлігі есебінен табиғатты қорғау шараларымен айналысады.

«Қазақстан мен Америкадағы ұлттық парктердің айырмашылығы – АҚШ парктерінде инфрақұрлым жүз жыл бұрын жасалған. Сол кездің өзінде салынған нысандар әлі күнге дейін пайдаланылады. Олар жеке серіктеске концессия шартымен 15 жылға беріледі. 15 жыл бойы жеке серіктес осы ресурстарды басқарып, табыс табады, туризмді дамытады. Табыстың бір бөлігін ұлттық парктің арнайы шотына жібереді. Кейін бұл ақша табиғатты қорғауға жұмсалады», – деді Өркен Бисақаев.

Жеке инвестицияларды тарту арқылы төрт жаяу туристік бағдарды ұйымдастыру, екі визит-орталық, этноауыл, үш көру алаңын, глэмпинг алаңдары, кемпингтер мен керуен алаңдарын, тамақтану орындары мен кәдесый сату орындарын орнату көзделген. Рекреациялық жүктемені азайту үшін барлық нысан шатқалдан тыс аумақта бой көтереді. Экобекеттен кейін орналасатын визит-орталықтан аумақ пен туристік бағдарлар туралы ақпарат алуға болады.

Қатысты жаңалықтар

Танымал КВН жұлдызы жансақтау бөліміне түсті

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛСЯ ПЕРВЫЙ В СТРАНЕ КУРС ЦИФРОВОЙ ГРАМОТНОСТИ С СУРДОПЕРЕВОДОМ

azatmedia

Республикалық «ТОЛҚЫСЫН ШАРТАРАП» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

azatmedia

Пікір қалдыру