Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашанда назардан түспеу керектігін ескертті.

Мұрат Әйтенов Самал-3, Асар-2 шағын аудандарында салынып жатқан 1200 орындық үш мектептің құрылысын аралап көрді.

Бүгінде аталған білім нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бұл жұмыстарға жалпы 200-ден астам құрылысшы тартылып отыр. Мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады.

Аралау барысында қала әкімі пайдалануға тапсырылған нысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдалану кезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл қалада 13 мектеп пен 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілсе, 5 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ УМЕНЬШАТСЯ АВАРИЙНЫЕ ОТКЛЮЧЕНИЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИИ

azatmedia

Шымкентте жалған алкоголь өнімі саудаланып келген

azatmedia

Пікір қалдыру