Ақпарат

Primaries 2020

Primaries

Мен Мажит Фариза Аңсарқызы еліміздегі мақсаты айқын, ұлт пен мемлекет мүддесі  үшін жеке бас құндылығын екінші орынға қоятын, білімі мен біліктілігін, күш жігерін мемлекетіміздің әлем алдындағы мәртебесін көтеріп, дамытуға жұмсайтын Шымкент қаласының ең жас депутаты болуды көздеймін.
   

Партия ішілік іріктеуде жастарға беріліп отырған мүмкіншіліктің кредосы – бұл шығармашылық буын мен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын кез-келген процестің қозғаушы күші. Менің жасым 20-да, еліме нәтижелі қызмет етудің Ұлы бастамасы осындай мүмкіндіктерден негіз алатыны мені қатты қуантады.
 

Праймеризге қатысып, бағдарламамды ұсынуымның басты мақсаты – мемлекет дамуында тәлім-тәрбиеге негізделген салт-дәстүрге бай ұлт құндылықтарының лайықты мұрагері, әлемдік аренада құқықты-экономикалық білімді, түрлі саяси ситуацияларда байсалды, еліміздің даму жолында кездесетін қиындықтарда тиімді жол таба білетін саналы ұрпақ – іскер жастардың маңызды рөлін айшықтау. Себебі жастар – кез-келген процестің қозғаушы күші.
   

2020 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталып – болашағынан зор үміт күттіретін, Жас маман ретінде маған үлкен жауапкершілік артып отыр.
     

Шымкент қалалық маслихатының депутаты болған жағдайда , басты әрі нақты көптеген мәселелерінің шешілу жолдарын ұсынар едім:

  • Жастардың игерген мамандықтарына сәйкес, қоғамның құқық, экономика, медицина, білім, мәдениет пен өнер, т.б.  салаларында  кәсіби біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік беретін жолдарды ұсыну;
  • Ерекше жаратылған (мүмкіндігі шектеулі) балалар мен жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды одан әрі дамыту (жақсарту);
  • Жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік принциптерін қалыптастыру;
  • Іскер жастардың жеке кәсібін дамытуға жол ашу;
  • Саналы ұрпақ тәрбиелеуде педагог мәртебесін көтерудің тиімді жолдарын қарастыру.  
    -Тіркеуге енбеген тұрғын үйлердің есепке алынуын қарастыру.
       Көпшіліктің қолдауымен осындай игі мақсаттарға қол жеткіземін.

Қатысты жаңалықтар

ЦИТАДЕЛЬДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

azatmedia

Көгілдір отынмен қамтылды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚҰРБАН АЙТТА 5 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру