Соңғы жаңалықтар

Мешіттер қашан ашылады?

Мешіт

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің қайта ашуға қатысты мәлімдеме таратты. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды.

«Алайда, әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды, – делінген ресми хабарламада.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын.Келіссөздерде діни басқарманың ұсынысы құпталуда. Яғни, мешіт сыйымдылығын 30 пайыздан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – дейді мүфтият қызметкерлері.

Осы орайда, діни басқарманың қызметкерлері мамыр айында мешіттердің ашылғанын еске алды. Бірақ көп ұзамай, қайтадан жабуға тура келді. Себебі, індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны күрт өсіп кетті. Ал Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын әрқашан жоғары қояды.

Құлшылық үйлері көп адам шоғырланатын орын болғандықтан, діни басқарма мешіт қызметіне уақытша шектеу қоюға мәжбүр болды. Біздің елімізде ғана емес, басқа мұсылман мемлекеттерінде де осындай шешім қабылданды. Алла қаласа, бұл да уақытша шектеу. Қазір жағдай тұрақталып келеді.

«Аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жетеміз. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі – Алланың құзырында. Сондықтан болашақтан күдер үзбей, сабырлы қалпымыздан танбай, дұға етейік», – деп атап көрсетті діни басқарма.

Қатысты жаңалықтар

ИМАНЖҮСІПТІҢ ҚАЖЫМҰҚАНДЫ ҚАМШЫМЕН ҰРУЫ…

azatmedia

Исатай Әлібаев: «Арыстағы жарылыс жемқорлық кесірінен болды»

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ АДРЕСНУЮ СОЦИАЛЬНУЮ ПОМОЩЬ ПОЛУЧИЛИ 7 597 СЕМЕЙ

azatmedia

Пікір қалдыру