Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРІКТІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар волонтерлік ұйым басшыларымен кездесті. Бүгінде қалада 40-қа жуық әр түрлі бағытта волонтерлік қозғалыстар жұмыс істейді.

Кездесуге қалада өз белсенділігімен көзге түсіп жүрген ұйым жетекшілері жиналды. Атап айтқанда, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранова, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының президенті Мұхтар Ташимов, «Бізбен бірге» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Жасмин Әшімова, «Волонтеры Шымкента» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Гузал Әуелбекова. Волонтерлер шаһар басшысымен кездесуде өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Арман Әлібековтің айтуынша, пандемия басталғалы бері волонтерлер 3500 отбасыға азық түлік жеткізген. Миллион бетперде таратқан. Яғни, бірқатар волонтерлік топтар жұмысты дұрыс үйлестіруде.

Алайда әлі де болса жұмысты ширататын жағдайлар бар. Ресми тіркелгенімен дұрыс жұмыс істемейтін топтар да кездеседі.

Тағы бір мәселе, 200 мыңнан астам жастар әлеуеті бар мегаполисте жастар шоғырланатын орын санын көбейту қажет. Волонтерлік ұйымдар бас қосатын орын жоқ.
Мұрат Дүйсенбекұлы волонтерлік қозғалыс жетекшілерінің ұсынысын тыңдап, бұл бағыттағы жұмыстар уақыт сәтімен шешілетінін айтты.

– Жастар бас қосатын орындарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазір карантинге байланысты жұмыстың барысы тоқтап тұр. Індет аяқталғаннан кейін біз ресми түрде пайдалануға береміз. Сол кезде жастар жиналатын болады. Мұндай орындарды көбейту қажеттігін білеміз. Алдағы уақытта бұрынғы Фосфоршылар мәдениет сарайын қалпына келтірсек деп отырмыз. Бұл ретте бірқатар жоспарлар бар. Жастарға спортпен шұғылданатын үйірмелер көптеп керек, – деді қала әкімі.

Жалпы қала әкімінің волонтерлік қозғалыс өкілдерімен кездесуі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиында волонтерлік қозғалыс өкілдері бірқатар мәселелерінен хабардар етіп, өз ұсыныстарын айтты.

(с) Тагабай Касымов 
Фото: Береке Сейітжаппар

Қатысты жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы ұлттық құндылықтар арқылы жалғасады

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ИСЛАМ ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

«Музей ғасырлар куәсі» атты мерекелік шара өткізілді

azatmedia

Пікір қалдыру