Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел өзінің 16 жасар қызын шендінің астына салып берген

Ақтөбе облысының тұрғыны 16 жасар қызын шенеунікпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы kazpravda.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен шенеунік педофилия күдігімен ұсталды. Оның үстінен, пайда мақсатында анасының өзі қызын бұған мәжбүрлеген, – дейді министр Ерлан Тұрғымбаев.

ҚР ІІМ басшысының айтуынша, күдікті қамауға алынды.

Қызын жезөкшелікке итермелегені үшін анасына қатысты қылмыстық іс те қозғалды. Қылмыстық істер қаралуда, тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді ол.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК КІТАПХАНАШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ 368 СЕМЕЙ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЖИЛЬЕМ ДО КОНЦА ГОДА

azatmedia