Соңғы жаңалықтар

Бірнеше кәсіптің басын біріктірген

«Түркістандық тұрғын ауылдан бірнеше кәсіп ашып алған», – деп хабарлайды AzatMedia.kz. Бүгінде отандық өнімнің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін мен мал шаруашылығы құрайтыны анық. Осы орайда Түркістан облысының әр өңірінде жеке кәсібін ашып, мол табысқа жетіп жатқандар аз емес. Солардың бірі Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны  Нұрбек Шалқаров. Өз кәсібін осыдан 7-8 жыл бұрын жылыжай егуден бастаған 44 жастағы тұрғын бүгінде алғашқы кәсібімен қоса, бір мезгілде 14 бас қара мал бордақылайтын орталық, сиыр сүтін өндіретін орын ашқан. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма ашу да жаспарда бар екен.

«Қазіргі уақытта 30 соттық жылыжай мен 20 соттық жерге еккен Ресей және голландтық сұрыпты қызанақ пен болгар бұрышын жинап алдық. Жалпы 7-8 тонна қызанақ пен 9-10 тонна болгар бұрышын жергілікті базарларға сатылымға шығардық. Енді жылыжайды екінші өнім ретінде қияр егуге дайындап жатырмыз. Одан бөлек, жыл сайын аталған өнімдердің көшетін дайындайтын көшетхана бар» – дейді Шалқаров Нұрбек.

Жұмыс көлеміне қарай 4-5 тұрғынды еңбекпен қамтып отырған диқан бұл істің барлығы отбасылық кәсіп екенін де айтып өтті.

Қатысты жаңалықтар

«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

azatmedia

ТҮЛКІБАС: «ЕРСАРЫ» ШАРУ ҚОЖАЛЫҒЫ 5 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІП МОЛ ТАБЫСҚА КЕҢЕЛІП ОТЫР

azatmedia

НА УЧАСТИЕ В ПРОЕКТЕ «ASHYQ» ПОДАНО 1148 ЗАЯВОК

azatmedia

Пікір қалдыру