Соңғы жаңалықтар

Жаңа мектептер құрылысы жүруде

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты ауылдық округінде жаңа мектептердің құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Ошақты елді мекеніндегі №46 Абай атындағы мектепке қосымша 300 орынды оқу корпусы, асхана және спорт зал құрылысына жобалық сметалық құжат жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Жалпы жоба құны 1,112 млрд. теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ Сарыжылға елді мекенінен 150 орынды жаңа мектеп салу үшін 1,5 гектар жер бөлініп, жобалық сметалық құжат жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Жалпы сметалық құны 5,3 млн. теңгені құрайды.


Ал, Жиделі және Ошақты елді мекендеріне жаңадан 300 орынды мектептің құрылысы үшін жер бөлініп, қажетті құжаттар жинақталып, жобалық сметалық құжатарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, аудан аумағында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім, арнайы, қосымша білім беру жүйесінде мемлекеттік басқару қызметін және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Яғни 63- мектеп (оның: 8- бастауыш, 3 – негізгі, 52- орта); 98 – мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдары (оның: 79 – жекеменшік, 12-мемлекеттік, 7- шағын орталық); оқушылар үйі -1, саз мектебі -1, жас туристер станциясы -1, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екеуі. Мектептердің тілдік құрамы: қазақ тілді – 61 мектеп, аралас тілді білім ордасы екеу. 

Қатысты жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

azatmedia

Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты (Фото)

azatmedia

Пікір қалдыру