Ақпарат

Бау-бақша алқаптары ұлғаюда

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі 3825 гектар егістік жерге бақша өнімдері егілді, деп хабарлайды Azatmedia.kz.


Ошақты ауылдық округінде жалпы жер көлемі 21045 гектар бар. Оның ішінде 12595 гектар жеке жайылымдық жер болса, 3825 гектар егістікке арналған жер. Аталған егістікке жерге 1286 гектарға көкөніс дақылдары, 986,5 гектарға жүгері, 433,5 жоңышқа, 120 гектар бидай, 474 гектар бақша өнімдері егілді.
Жалпы, алғашқы жартыжылдықтың есебі бойынша Ошақты ауылдық округі ауылшаруашылығы өнімдерінің нақты атқарған көлемі 105 пайызға орындап отыр. Сондай-ақ округ бойынша 3 өндірістік коперативі, 3 жауапты шектеулі серіктестігі, 715 жеке шаруа қожалықтар жұмыс істеуде.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ауданға ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 200 гектарға жеткізу немесе 2019 жылғы егіспен салыстырғанда 684 гектар артық орналастыру тапсырмасы жүктелген болатын. Тапсырмаға сәйкес, нақты әртараптандырудың арқасында 24 300 гектар жерге егістік егілді. Оның ішінде астық – 7022 га аумаққа егілген болса, майлы дақыл – 213 гектарды құрады. Сондай-ақ техникалық дақыл – 505 гектар, бақша – 2018,7 га, картоп -1989,2 га, көкөніс – 8166,5 га, мал азықтық дақылдары – 4307,6 га аумаққа егілді.

Үкіметтің «Еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен жаңа технологияларды пайдалана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасы ауданымызда сәтті жүзеге асуда. Аталған жоба аясында 8 ауылдық округтен 1040,2 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 218 шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда. Бұдан бөлек жоба аясында жыл соңына дейін тағы 50 жобаны қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Көшеге шыққан азаматтардың мәселелері қаралды

azatmedia

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia

Түркістан: жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

azatmedia

Пікір қалдыру