Жаңалықтар

90 ЖАСТАҒЫ АПА ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкент қаласындағы “Мейірім” провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Қарсыбаева Күлсара апамыз пневмониядан 25 күнде жазылып шықты, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Апамыздың тыныс алуы қиындап, оттегі жетіспегендіктен клиникаға жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін өкпесінің екі жақты зақымданғаны анықталып, пневмония диагнозы қойылған.

Денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты дәрігерлер апаны бірден емдеу палатасына жатқызған. Дәрігерлер дер кезінде емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіп, нәтижесінде 25 күннің ішінде Күлсара апамыздың денсаулығы жақсарды. Дәрігерлер апамыздың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты. Толықтай сауыққан 90 жастағы Күлсара апамыз, «Мейірім» провизорлық орталығы дәрігерлеріне ақ батасын беріп, бүгін клиникадан шықты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай “Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” демекші осы орайда апамыздың отбасы атына заты сай “Мейірім” провизорлық орталығындағы бас дәрігер Ниязкұлов Абдирахмат Абдукадирұлына, бөлім меңгерушісі Еримбетова Лаура Сапарғалиқызына, дәрігерлер Ағабекова Гулжан Орынбасарқызы, Туктибаева Сауле Ақтілеуқызы, Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлы, Андабаева Эльмира Бахытбекқызына және тағы да басқа медициналық қызметкерлерге шексіз алғысын білдіріп отыр.

Атына заты сай “Мейірім” провизорлық орталығының қолы шипалы мейірімді қызметкерлеріне еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тілейміз!

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН CHINA RAILWAY ASIA-EUROPE – СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІККЕ ЖОЛ АШТЫ

azatmedia

ТІЛ ҮЙРЕТУ ҮЙРЕНУДЕН ДЕ ҚИЫН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 110 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 22 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру