Соңғы жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдык округінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды, деп хабарлайды azatmedia.kz.

Бірлік ауылдық округінің ішкі жол көшелерінің жалпы ұзынды 28,551 км шақырым құрайды. Ал, қазіргі таңда Жаңатіршілік елді мекенінде Т.Белгібаев көшесінде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы ЖСҚ жасақталып Оған мемлекет тарапынан 25 млн.теңге қаржы қарастырылған.

Сонымер қатар, Жаңатіршілік елді мекенінде орналасқан Б.Момышұлы көшесінің ұзындығы 755 метрді құрайды, сол көшеге қазіргі таңда шағалтас төселген. Оған Келес ауданы бюджетінен 3,361 млн. тенге қаржы бөлінген.

Ал, осы жылы яғни 2020 жылы Бірлік ауылындағы Ш.Уалиханов, Жаңақұрылыс-2 көшелеріне шағал тастөсеу жұмыстары жүргізіледі. Оған бүгінгі таңда Келес ауданы бюджетінен 4,581 млн.теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ Жаңақұрылыс-1 көшесінің 400 метріне асфальттау жұмыстарына да Келес ауданы бюджетінен 7,5 млн.теңге қаржы қарастырылған.

Қазіргі таңда жол жөндеу бригадасының жұмысшылары тәулік талғамастан, қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізіп отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТЕАТРДА «КІМ ПАТША?» ЕРТЕГІСІ САХНАЛАНДЫ

azatmedia

5 АЙДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 14 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚСАРЫ ӨНІМІН ЖИНАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру