Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі, өмірге құштар тігінші

Келес ауданының Бозай ауылдық округі, Бозай елді мекенінде мүмкіндігі шектеулі азамат өзі тігін тігіп кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

25 жасар Әбдіжаппар Махмұтбеков 3-ші топтағы мүгедек. Ол Шымкент қаласында «Мирас» колледжінде «Дизаинер» мамандығын бітірген. Оқу орнын бітіре сала тігін фабрикасын жұмысқа орналасқан. Тәжірибе жинаған жас маман өз кәсібін ашуды көздеп, мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкелерді оқыту курсын аяқтап мемлекеттік грант алып, 505 мың теңгеге қол жеткізеді.

Бүгінгі таңда 3 тігін машинасын сатып алған. Анасы Жұлдыз Адиева екеуі тігін кәсібімен айналысуда.

Анасы Жұлдыздың айтуынша ұлы грант алмас бұрын ауылда мектеп оқушыларына арналған мектеп формасын тіккен. Енді мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін машина санын артырып отыр.

«Біз наурыз айынан бастап осы күнге дейін каратиндік режим кезінде бетперде тігіп жатырмыз. Күніне 300 маскаға дейін тіккен кездеріміз де болды»

Қазіргі таңда Әбдіжаппар Махмұтбеков көрпе, құрақ көрпе түрлерін тігіп тапсырыспен қабылап отыр.
Шығарған өнімдері нарық бағасынан төмен болғасын тапсырыстың барын айтуда.

Сондай-ақ осы кәсіп түрін отбасылық кәсіпке айналыруды көздеп, өз қарындастарын осы сала бойынша оқу орынға түсіруде.

Егерде қандайда бір тапсырыс беремін десеңіздер онда мына байланыс нөмірге хабарласуыңызға болады.
8 707 523 32 49 Жұлдыз.

Қатысты жаңалықтар

Түлкібас ауданындағы ағын су мәселесі шешіліп келеді

azatmedia

С НАЧАЛА ГОДА ПОГАШЕНА ЗАДОЛЖЕННОСТЬ ПО ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЕ 1 959 РАБОТНИКАМ

azatmedia

Адамның шаршаңқы оянуының себебі анықталды

azatmedia

Пікір қалдыру