Соңғы жаңалықтар

Масканың сапасын қарапайым оттықпен тексеруге болады

Филипиндік дәрігер бетперденің сапасын қарапайым оттықпен тексерудің тың тәсілін көрсетті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Филипиндік дәрігер көпшілікке оттық арқылы масканың сапасын анықтауға болатынын көрсетті. Caters Clips Yotube каналына салынған видеода дәрігердің бірнеше маска арқылы отты өшіруге талпынғанын аңғаруға болады.

Әуелі ол аузын футболкамен жауып, отты өшіреді. Әрекетті бірнеше рет қайталап көрді. Нәтиже өзгерген жоқ. Артынша қарапайым матадан жасалған маскамен сынап көрді. От бір үрлегеннен өшіп жатты.

Енді ол медициналық бетперде мен респиратор арқылы әрекетті қайталап көрді. Екеуінде де от өшкен жоқ. Дәрігер осы арқылы қолдан жасалған маскалардың пайдасы жоғын көрсеткісі келген.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

БӘЙДІБЕК: 583 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

azatmedia

Көмегімен көпке үлгі

azatmedia

Пікір қалдыру