Соңғы жаңалықтар

Ауыл жастары тұрақты жұмыспен қамтылуда

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде бүгінгі таңда 116 адам жұмыссыздар қатарына тіркелген.

Жыртыжылдықтың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша 6 азамат жастар практикасымен жұмысқа тартылды. Сондай-ақ 74 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналастырылып, 58 мың теңге жалақы алып отыр. Осы 74 азаматтың ішінде 54 азаматы атаулы әлеуметтік көмек алса, 3 азамат 3-ші топтағы мүгедек, 2 пробацияда тіркеудегі азамат, 29 жасқа дейінгі 3 азамат бар. Нәтижесінде жұмыссыз қалған азаматтардың 70 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.

«Қызыләскер дәрігерлік емханасының құрылыс жұмыстарына ауылдың 25 тұрғыны жұмыс істеуде. Сонымен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына да осы ауылдың азаматтары жұмыспен қамтылған»,-дейді Ақтөбе ауылдық округі әкімдігі аппаратының статисті Жарқынбек Алданов.

Сонымен қатар, тамыз айының ішінде Бозсу елді мекеніне ауыз су жүйесі жүргізіледі. Осы жұмыстарға мердігер мекемемен жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісім бойынша ауылдың 30 азаматы жұмысқа тартылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 7597 ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: Ш. ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 20 АЗАМАТҚА «ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру