Соңғы жаңалықтар

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде

Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің Қызыләскер елді мекенінде дәрігерлік емханасында күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Бүгінгі таңда Қызыләскер елдімекенінде 5 мыңнан астам тұрғын бар. Аталмыш елдімекенге заманауи емхананың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бастау алған құрылыс жұмыстарына мемлекет тарапынан 238,340 млн.теңге бөлінген. «АлЖа құрылыс» мердігер мекемесі 2020 жылдың мамыр айында жұмысқа кіріскен.

«Жұмыс жасап жатқанымызға екі айдан асып кетті. Құрылыс графигі бойынша алда келе жатырмыз. Жалпы нысанды тамыз айында өткузуді жоспарлап отырмыз. Ал, негізі құжат бойынша нысанды қыркүйек айында өткізуіміз тиіс»,-дейді «АлЖа құрылыс» ЖШС-нің бригадир көмекшісі Баратбай Ерғали.

Айта кетейік, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде бүгінгі таңда 4 емхана, 1 ауылдық аурухана, 6 ФАП, 15 жоғарғы білімді дәрігер, 66 орта буында қызметкер, 24 кіші буынды қызметкер және де 1 жедел жәрдем көлігі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, Ескіқорған, Көгерту және Ажар елді мекендерінде жаңа типтегі медициналық тірек жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Жаңадәуір және Ынтымақ елді мекендеріне дәрігерлік емхана салуға жер учаскесі бөлініп, сәулет жоспарлау тапсырмасы жасалса, Жуантөбе, Құйған, Қияжол елді мекендеріне фельдшерлік-акушерлік тірек құрылысына жер бөлініп Түркістан облыстық құрылыс басқармасына жолданған.

Қатысты жаңалықтар

В ОРДАБАСИНСКОМ РАЙОНЕ 40 ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ПОЛУЧИВ БЕЗЗАЛОГОВЫЙ КРЕДИТ РАЗВИВАЮТ БИЗНЕС

azatmedia

Дамыған елдердің экономикасы қысқаруда

azatmedia

БУТАФОР, ПОСВЯТИВШИЙ ТЕАТРУ 15 ЛЕТ ЖИЗНИ!

azatmedia

Пікір қалдыру