Соңғы жаңалықтар

Алакөлде қайғылы оқиға орын алды

Қайғылы оқиға 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінде орын алды. Ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Алакөлде үрлемелі матрацқа мініп, суда жүзіп жүргендерге 27 жастағы әйел басқарған гидроцикл соғылды. Әйел адам – Түркістан облысының тұрғыны, ол қауіпсіздік ережесін бұзған және техниканы басқара алмаған.

Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Оның 2010 жылы туған қызы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабы 2-бөлігі бойынша (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, гидроцикл иесі, Үржар облысының 31 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабының 3-бөлігімен (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

Шымкент: Құдықта бірнеше жылдан бері жатқан әйелдің мәйіті табылды

azatmedia