Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

САПАЛЫ ӨМІР ТЫНЫСЫ – ҚОЛЖЕТІМДІ ДӘРІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының орынбасары М.Қалмұратовтың жетекшілік етуімен «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Бертаев, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қалалық маслихат депутаты Н. Бұхарбай, Ғ. Майханов «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филалы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Сыздықов «Сапалы өмір тынысы – қолжетімді дәрі» акциясы аясында қала аумағында дәрі-дәрмектің қолжетімді бағада сатылуы мен босатылуы бойынша бақылау жұмыстарын жүргізді.

«Zerde», «Europharma», «Мурат Фарм», «Фарм лайн» дәріханалар желісін қамтыған мониторинг жұмыстары қорытындысы бойынша дәріханалардағы бағалар билік белгілеген шектік мөлшерден аспаған. Дәрі іздеп сарсаңға түскен халықтың да қарасы аз. Дәрі тапшылғы жоқ.

Бірақ висрустық респираторлық ауруларды емдеуде сұранысқа ие Аскорбин қышқылы, Цеф 3, Зитмак, Ингавирин, Клексан дәрілері болмай шықты.

Дәріхана меңгерушілері болса «Сұранысқа ие дәрілер келсе тез сатылып кетеді, ал болмаған дәрілердің орнына құрамы бірдей алмастырушы дәрілерді ұсынамыз» дейді.

Бүгінгі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде бағалардың шектік бағадан асып кеткен жағдай болмады. Халық саны аз. Кезек жоқ. Тіпті тұтынушылар бағалардың көңілге қонымды, қолжетімді екенін айтып қалды, – дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының орынбасары М.Қалмұратов.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ОТЫРАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

САУРАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ 4 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру