Жаңалықтар

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖАСАЛУДА

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы «SHYMKENT BUS» ЖШС-не қоғамдық бақылау жүргізді. Кәсіподақтар «Shymkent Bus» ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы.

Бүгінгі таңда жұмыс уақыты едәуір қысқарған. Бұған дейін 12 сағат жұмыс істеп келген жұмысшылар қазір 7-8 сағатты әзер толтырады. Соған қарамастан күніне 2 рет (таңертең, кешке) автобустарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, әр айналымның соңғы аялдамаларында да залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жасалады. Күнделікті қала тұрғындарына 230-ға жуық автобус, 17 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Қоғамдық бақылау жұмыстары нәтижесінде, жалпы 570 қызметкер екі кезеңмен жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Алдымен таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін, кейіннен 17:00-ден 20:00-ге дейін. Жүргізушілер мен кондукторлар жұмыс барысында карантин талаптарын толығымен сақтап, қызмет жасауда. Сондай-ақ, жолаушыларда бетперде болмай қалған жағдайда жүргізушілер бетперде береді. Осы шаралар үшін компания тарапынан 10 мың бетперде сатып алынған.
Сонымен қатар, карантин талаптары бойынша әр апта сенбі-жексенбі күндері серіктестік жұмыс жасамайды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН 156 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ АЙНАЛЫСАДЫ

azatmedia

Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды

azatmedia

Пікір қалдыру