Жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AzatMedia. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті.

Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.

Бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек-орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларымен толық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала» қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалы мәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Белгілі спортшы төбелес кезінде қаза тапты

azatmedia

«Порно көрдік»: оқушылардың онлайн сабағында порно көрсетілген

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АГРОСАЛАНЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру