Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер және журналистер қауымының қатысуымен 2024 жылдың 15 наурызында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, оны іске асыру барысы талқыланды.Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбаев Ұлттық құрылтайда айтылған міндеттер жайлы баяндама жасаса, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров пен «Аналар – асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жиенкүл Сәрсен жарыссөздерге шығып, Мемлекет басшысы айтқан мәселелердің қазіргі қоғамда маңыздылығы зор екенін, оны іске асыруға барша халық болып атсалысу керек екенін айтып өтті.

Қатысты жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

azatmedia

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia