Санатталмаған

КӘСІПКЕРЛЕР МЕЙРАМХАНАЛАРЫН ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУҒА ДАЙЫН

Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын.

Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, науқастар көбейген жағдайда әкімдік мейрамханаларды, тойханаларды провизорлы стационар ретінде пайдаланатын болады.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған жағдайға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Коронавирус пен пневмонияға шалдыққа науқастарды емдеуге 7 миллиард қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте, үлкен сұранысқа ие дәрі – дәрмектермен, ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарымен және компьютерлік томографиямен (КТ) қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баяндады.

Сондай-ақ, сауда орталықтары мен басқа да қаладағы ірі нысан иелері тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін тегін көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
– Егер, күзде эпидемиялық жағдай нашарлап, індеттің екінші толқыны басталатын болса, біз сол жағдайға дайын болуымыз керек. Сондықтан қазір кәсіпкерлердің өздері ұсынған қаладағы ірі ғимараттарды қарастырып жатырмыз. Жағдай күрделенер болса, біз шұғыл провизорлық орталықтарды ұйымдастыруға дайынбыз. Бүгінгі таңда науқастарды емдеуге арналған қосымша 3000 орын дайындадық. Жақын арада кәсіпкерлер ұсынған ғимараттардан да дәл солай төсек-орындар дайындамақпы» – дейді Ербол Садыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру