Санатталмаған

СЕНІМ – ДИАЛОГ НЕГІЗІ

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, ел өміріндегі өте өзекті мәселелер көтерілді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – пандемия және оның салдарымен күрес болды.

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттарда жарияланған мәселелерді қайталамай-ақ қояйын. Бүгінгі кеңейтілген отырыста Президент қоғам мен билік арасындағы өзара сенімнің азайып қалғанына баса назар аударды. Бұл – біле-білген адамға үлкен мәселе.

Коронавирус індеті және оның ел өміріне, экономикаға салдарымен күресте әрбір қадам, бірлескен әрекет маңызды. Ал өзара сенім мықты орнаған жерде ғана күш бірігіп, нәтижеге қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда атқарушы биліктің әрекетіне халықтың сенімі азайып қалғаны жасырын емес. Мұны ел басындағы ағалар да анық аңғарып отыр.

Дегенмен, қалыптасқан жағдайға барлығымыз белгілі бір деңгейде жауаптымыз. Көпшілік атқарушы билік тарапынан денсаулық сақтау және ел әлеуетін көтеру бойынша орындалып жатқан жұмыстар өз нәтижесін бергенін күтеді. Ал осы арада қарапайым отандастарымыз да биліктің талабын орындап, тәртіпке бағынуы тиіс.

Олай дейтінім, көктемдегі екі ай карантиннен соң экономикалық белсенділікті арттыруға байланысты шектеу шаралары біршама бәсеңдетілген соң арқаны кеңге жайып жібергеніміз рас. Қанша жерден сақтық шараларын қолдану туралы ескертілгенімен, жағдайға бей-жай қарап, тойлар мен отбасылық жиындар әр жерден көрініс тапқанын біліп те, көріп те отырмыз.

Ендеше, қалыптасқан күрделі жағдайды тек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп әрекет ету арқылы ғана оңғара аламыз. Тек жауапты мамандардан күтіп отырмай, өзіміз де – қарапайым тұрғындар барынша қолдан келетін сақтық шараларын ұстанып, талапты орындауымыз керек. Сонда ғана жұмыла көтерген жүк жеңіл болатынына сенімдімін.

Тек өзара нық сенім арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын ұмытпайық. Өз денсаулығымыз – өз қолымызда!

Рамазан БЕКТҰРҒАНОВ,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, қалалық №4 емхананың бас дәрігері

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру