Санатталмаған

КӘСІПКЕР 250 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Өзіңде барды өзгемен бөлісу – адамдық қасиеттің ұлысы. Шымкенттік кәсіпкер Саухан Аташбекұлы, жомарттықпен жан семірткен көпке үлгі азамат. Адал еңбегімен кәсіптің көзін, еңбектің ебін тапқан ел ағасы 250 отбасыға азық – түлік пен қаржылай қолдау көрсетіп, зекет парызын орындады. Осылайша маңайындағы мұқтаж жандардың алғысын арқалады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Жүнісбековтің материалына сілтеме жасаған AzatMedia.

Дәстүрден жаңылмай көпке көмек қолын созған демеуші, бұл жылы да игі амалын жүзеге асырды. Алдымен Шымкенттегі «Жаңа талап» елді мекенінде әлеуеті әлжуаз топқа әлеуметтік көмек көрсетті. Түркістан қаласынан да  тұрмысы төмен отбасыларды тапты. Қолдау көрсетіп, азық – түлік сепбетін таратты. Енді өзі жамағатпен сапқа тұрып, құлшылығын қалдырмаған «Айтбай ата» мешітінде жергілікті тұрғындарға қолдау білдіріп отыр. Ас-ауқатқа қажетті деген күнбағыс майы мен ұнын, шәй мен қантын, макороны мен күрішін қайырымдылық шарасында тегін тарту етті. Сондай-ақ, өз цехында өндіретін кондитерлік тәттілері мен әр отбасыға бір кілемін де ұмыт қалдырмады.

Саухан Аташбекұлы  – кәсіпкер:  Биыл 250-дей отбасыға көмектестік. Түркістан қаласында да, осында да мұқтаж жандардың алғысын алдық.

Зекеттің жария түрде жасалу жолында да Алла мол сауаптан жазады. Тек ниетіңіз өзгелер өнеге алсын, қайырымдылықтан қайыр көрсін болғанда ғана. Бұл мешіт имамының пікірі. Алла үйінің демеушісі атанып кеткен, Саухан Аташбекұлы мешіттің бұдан өзге де көптеген жиынында бас көтеріп, жомарттығын танытыпты.

Есалы Тәжібаев – «Айтбай ата» мешітінің бас имамы: Саухан ағамыз бүгін үлкен қайырымдылық жасап отыр. Бұл өте сауапты іс…
Коронавирустың салдары – карантинге әкеп соқты. Әрине бұл ең алдымен халық үшін жасалған шектеу. Алайда арамызда карантинде табысынан қағылған ағайын да бар. Соның бірі 62 жастағы Нұрбибі Тәжіқұлова. Осындай жомарт жандардың арқасында, қам көңіліміз қуанды – дейді ол.

Бүгінгінің бас кейіпкері көпті жақсылық жасауға шақырады. Қолдан келмесе өзгеге зияның тимесін дегенді ұран етеді. Арамызда жүр жақсы адам…

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру