Санатталмаған

ДӘРІГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкент қаласында дәрігерлер тұрғындар арасында коронавирустың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көліктер мен адам көп шоғырланатын аялдамаларда түсіндірме жұмысын жүргізді. Игі шара «Қала күні» мерекесіне орай «Медицина жаныңызда» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық – коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған AzatMedia порталы хабарлайды.

– «Медицина жаныңызда» акция шеңберінде қаладағы халық ең көп шоғырланатын аялдамаларда тұрғындарды құлағдар ету үшін ақпараттық парақ таратып, инфекцияның алғашқы симптомы туралы кеңінен мәлімет бердік. Өкінішке қарай, тұрғындар арасында сақтық шарасы үшін маска тақпаған. Біз оларға індеттен сақтану үшін жеке бастың гигиенасы өте маңызды екенін түсіндірдік, – дейді №7 қалалық емхана дәрігері Бөтакөз Жұмабеков.

Айта кетейік, аталған акция 17-19 маусым аралығында қаланың шетіндегі елді мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып медициналық көмек көрсетуді де қолға алған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру