Санатталмаған

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Шымкентте қызмет бабында қаза тапқан полицейдің отбасы мерекеде назарсыз қалмады. Оларды қаруластары құттықтады. Қуаныштың бел ортасында департамент бастығының өзі жүрді.

Полиция аға сержанты Әшірбеков Пернен Арысбайұлы осыдан 23 жыл бұрын қызмет барысында қаза тапқан болатын. Артында бір жасар қызы мен жары қалды. Бүгінде Айжан Перненқызы  бойжетіп, тұрмыс құрған. Полиция күні  қарсаңында Айжан  әкесінің абыройын тағы сезінді. Қаруласының қызын құттықтауға бір шоқ гүлін арқалап, департамент бастығының өзі келді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған AzatMedia.

Мереке күнінде Айжан Әшірбекова ерекше толқыды. Себебі бала күнінен форма киген адамды көрсе әкесін аңсаушы еді. Бұл жолыда шен таққан ағаларды көріп толқып кетті.

Айжан Әшірбекова –Пернен Әшірбековтың қызы: Өмірден өткен әкемнің осындай абыройын сезініп жүрегім қуанып тұр. Қандай қуаныш біз үшін келгендеріңізге рахмет.

Бұл тосын сыйды Айжанның анасы Баршагүл Қасымбекова ұйымдастырған. Ол Полиция департаментінің әлеуметтік желісіне осы кездесу жайында өтінішін жазған. Департамент бастығы мың сан жұмысы болсада марқұм болған қаруласы үшін оның қызының көңілін қалдырғысы келмеді. Өтінішінің орындалғанына Баршагүл Қасымбекова дән риза.

Баршагүл Қасымбекова – Пернен Әшірбековтың жары: Өте үлкен рахметімді айтамын. Мен сізді келеді деп ойлаған жоқпын. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Беделдеріңіз биіктей берсен.

Бұл отбасы үшін 23 маусым – Қазақстан Полициясы мерекесінің орны бөлек. Биылғы мереке ерекше есте қалатын болды. Қарапайым тілектердің қабыл болғанына қарап полицейлер халыққа жақындай түскенін байқауға болады.

©Өз тілшімізден

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру