Соңғы жаңалықтар

ОТЫРАРДА «ЖАС ШЕБЕР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОТЫРАРДА «ЖАС ШЕБЕР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен аудандық колледж студенттері арасында «Жас шебер – 2025» байқауы өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов және аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов қатысып, байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, жігерлендірді.

Байқау жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, кәсіби дағдыларын ортаға салды.

Сонымен бірге жас мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Әр қатысушы өз саласындағы шеберлігін танытып, тәжірибе мен дағдыларын жетілдіруге қол жеткізді. Бұл байқау жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлауды және олардың болашақта табысты еңбек етуіне жол ашуды көздейді.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ортақ еңбегі мен ынтымақтастығы нәтижесінде байқау өз мақсатына толықтай жетті. Әрбір жас өз мүмкіндіктерін пайдаланып, өз өнерін көрсету арқылы жаңа тәжірибе жинақтады. Мұндай шаралар жастардың кәсіптік біліктіліктерін арттырып, болашақта сапалы маман болуына зор мүмкіндік туғызады.

Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:

🔹 «Үздік аспаз»
🔹 «Үздік тігінші»
🔹 «Үздік дәнекерлеуші»
🔹 «Үздік автомеханик»

Қазылар алқасы байқау нәтижесінде үздік деп танылған жастарды дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және арнайы номинациялармен марапаттады.

ЖЕҢІМПАЗДАР:

«Үздік аспаз»
I орын – Махмудова Гүлзия, Ордабасы ауданы
II орын – Орынбасар Бекзат, Бәйдібек ауданы
III орын – Боранбай Арайлым, Отырар ауданы

«Үздік тігінші»
I орын – Базарбай Аружан, Бәйдібек ауданы
II орын – Омарова Ақмоншақ
III орын – Нусбатова Нулифар, Сауран ауданы

«Үздік дәнекерлеуші»
I орын – Абдикаримов Артём, Сауран ауданы
II орын – Сары Ерсұлтан, Отырар ауданы
III орын – Қалдыбек Марғұлан, Ордабасы ауданы

«Үздік автомеханик»
I орын – Өміртай Ердәулет, Отырар ауданы
II орын – Қоштай Нұрбақыт, Бәйдібек ауданы
III орын – Бақтияров Нұрсұлтан, Сауран ауданы

Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша да марапатталды. Әрбір жас өз дарынын дәлелдеп, жаңа тәжірибе жинақтады. Бұл байқау жас мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Қатысты жаңалықтар

Тұшпара етіне малдың мүйізі мен тұяғы қосылады. Не істеу керек?

azatmedia

«Нағашыларым зорлады» Айя сұмдық жағдаймен бөлісті (видео)

azatmedia

Түркістан: Қызылтаң жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

azatmedia