Санатталмаған

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде оқу жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Келес ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көктемгі кезеңге азаматтық қорғау басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау бойынша іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 2020 жылдың 25-26 ақпан аралығында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Осыған орай 25 ақпан күні Қошқарата ауылдық округі, Қошқарата ауылында Келес өзенінің жағасында құрамында 28 техника, 82 адамы бар, аудандық шұғыл әрекет ету жасағының сап түзеуі болып, қосымша кіріспеге сәйкес іс-қимылдар тексеріліп пысықталды.

Ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевқа, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Х.Кеңесов хабарлама жасап, көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық барысын баяндады.
Іс барысында құтқару жұмыстарына тікелей қатысы бар аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, ауылдық округтерінің әкімдері, ауылдар мен елді мекендердің аулаларындағы су басуларды сорғымен тартып шығару, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу, оның ішінде жоғары өтімді және суды соратын техникалары мен құралдарды нақтыланып, дайындыққа келтіріп, бөлім мекемелер өздерінің төтенше жағдайларға қандай дәрежеде дайын екендіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты. Бұндағы ең басты мәселе көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-қимыл мен арнайы техникалардың әзірлігі және мамандардың біліктілігін жетілдіру болатын.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан аумағында көктемгі су тасқынының жұмыстары бойынша және аудан аумағындағы су қоймаларының жағдайларын қатаң бақылауға алып, көктемгі су тасқыны апатынан келетін салдарға жол бермеу үшін тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырылды.

2020 жылғы 17 ақпанда Республикалық «Көктем-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық шеңберінде Ошақты ауылында «Канал суының көтерілуіне байланысты арнасын кеңейту, нығайту, құм салынған қаптармен бекіту жұмыстарын жүргізу, және ықтимал су басу аумағына кіретін үйлердің халқын қауіпсіз орындарға көшіруді жүргізу» тақырыбы бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

  • (с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру