Ақпарат

ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖОЛКӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы Қуандықтың төрағалығымен теміржол және автомобиль жолдарында ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша мәжіліс өтті.

Мәжіліске құзырлы мекемелер, атап айтқанда: Арыс 1 станциясындағы желілік полиция бөлімі, Аудандық полиция бөлімі, Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімдері, теміржол мекемелеріның басшылық құрамы, Арыс қаласы және ауылдық округтердегі ветеринариялық бекет меңгерушілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында, Арыс 1 станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Б.Орынбаев ағымдағы жылы теміржол бойында ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуынан орын алған оқиғалар туралы хабарлама жасады. Өз сөзінде, ағымдағы жылы теміржолда шұғыл тежеу 55 рет орын алып, оның ішінде жолға адам шығу 5 рет, жылқы 10 рет, сиыр 20 рет, ұсақ мал 20 рет қолданылғанын жеткізді. Теміржолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына ауыл әкімдігі мен ветеринария саласы мамандарымен бірлесе түсіндірме жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, жиында автомобиль жолдарында ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығу мәселесі де қаралды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының қараусыз қалып, теміржол немесе автомобиль жолдарына шығуы, жолаушылар өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, шаруаларды да айтарлықтай шығынға ұшыратуы ықтимал.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.04.2020 жылғы №145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларына» сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді және адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 559 бабы «Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осыған байланысты, өз иеліктеріңіздегі үй жануарларыңызды қараусыз қалдырмауды, түнгі мезгілде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларына жарық шағылыстырғыш таспа орнатуды сұранамыз.

Бұл мәселе, әсіресе ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуының алдын алу мен қауіпсіздік шараларын күшейту тұрғысынан өте маңызды. Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін жергілікті билік пен құзырлы мекемелердің бірлесіп жұмыс істеуі, сондай-ақ тұрғындардың осы бағыттағы жауапкершілігін арттыру қажет. Түсіндіру жұмыстарын күшейту, жол бойында қауіпсіздік шараларын қабылдау және ережелерді сақтау арқылы бұл мәселені шешу мүмкін болады. Жергілікті қауымдастық пен малшылардың өз міндеттерін дұрыс орындауы үлкен рөл атқарады. Әрбір азамат өз малын тек өз аумағында ұстап, оларды қараусыз қалдырмай, сондай-ақ жолдар мен теміржолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тек жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың бір жолы ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың өз шаруашылығына нұқсан келтірмей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

ТӨТЕШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

КЕЛЕСТЕ ШЕКАРАЛЫҚ АУМАҚТАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

azatmedia