Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысына инвестиция тарту, өңір экономикасын дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен іскерлік кездесулер жалғасуда. Бүгін осы мақсатта Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов және «TURKISTAN INVEST» ЖШС өкілдері мен салаға жауапты мамандар қытайлық инвесторлармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Jinhao Group», «Hunan Jumper Holding Co., Ltd.» компанияларымен құрылыс саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өңірге жаңа технологияларды тарту бағытында тәжірибе алмасу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

Инвесторлар облыс аумағында капсулалы үйлер мен металлоконструкциялар құрастыру жобаларын іске асыруға қызығушылық танытты.

«Jinhao Group» Қытайдың Харбин қаласында орналасқан энергия үнемдейтін және оқшаулаушы құрылыс материалдарын өндіретін ірі әрі әртараптандырылған компания. Оған қоса ұйым ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, жобалау, өндіріс, сату және монтаждау бағыттарын да қамтиды. Жалпы, компанияның құрылымдық бөлімшелері энергия тиімділігі, экологиялық технологиялар және жасыл құрылыс салаларында жұмыс жүргізеді.

Қос тарап өкілдері өңірде құрылыс индустриясы бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өзара ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Инвесторлар «Turan» арнайы экономикалық аймағы және Түркістан индустрилды аймақтарындағы кіші өнеркәсіп алаңдарының мүмкіндіктерімен танысты.

Алдағы уақытта тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жалғасатын болады.

Түркістан облысында шетелдік инвесторлармен құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды қадамдар жасалуда. Мұндай кездесулер өңірдің экономикалық дамуына тың серпін беріп, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді тартуға мүмкіндік береді. Құрылыс саласындағы ынтымақтастық жаңа жобаларды жүзеге асыру мен құрылыс материалдарын өндіруде жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, өз кезегінде, аймақтағы өндірістік әлеуетті арттырып, жергілікті экономиканың дамуына әсер етеді.

Түркістан облысында шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мен қатысуы аймақтың инфрақұрылымдық әлеуетін күшейтуге және құрылыс саласындағы сапаны арттыруға жол ашады. Әріптестік нәтижесінде жаңа құрылыс материалдары мен экологиялық таза технологиялар енгізілуі мүмкін, бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, құрылыс индустриясын жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар, жаңа жобалар мен өндіріс ошақтарының ашылуы тұрғындар үшін жұмыс орындарын ұсынады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Алдағы уақытта құрылыс саласындағы шетелдік серіктестермен ынтымақтастық одан әрі нығайып, аймақтағы инновациялық жобалардың іске асуына ықпал ететіні сөзсіз. Түркістан облысы құрылыс индустриясындағы жаңа технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның индустриалды картасында маңызды орын алуға жол ашатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Әйелді жүкті ету үшін ер адамдар қандай тамақ жеу керек? – маман жауабы

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА 170 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖҮГЕРІ АЛҚАБЫН СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН СУАРУДА

azatmedia