Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған “Ата заңым – Айбыным” атты салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, өңір тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады.

– Біздің Ата Заңымыз – қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етіп, ел дамуының берік тұғырына айналған тарихи құжат. Конституцияны ардақтау – Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы әрбір азаматтың қасиетті парызы. Президентіміз жариялаған саяси реформалар мен «Әділетті Қазақстан» идеясының өзегі – әділдік, теңдік және заң үстемдігі. Конституция осындай құндылықтарды бекемдей отырып, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепіліне айналды. Еліміздің өркендеуі жолында бірлесіп еңбек етіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі асқақ болсын! – деді.

Салтанатты шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық қорғаныс істері бөлімінің өкілдері, жас сақшылар және қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мен өзге саланың да мамандары облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар мерекелік жиында Ата Заңымыздың маңызы дәріптеліп – Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті асқақтататын патриоттық әндер шырқалды.

Қатысты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР 1700 МЕТРДЕН АСТАМ БИІКТІККЕ ТУ ТІКТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «БІЗ – НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia