Қазығұрт ауданында «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» жобасын іске асыру бойынша маңызды ақпараттық-насихаттық кездесу өтті. Бұл кездесу облыстық деңгейде түрлі этнос өкілдерінің арасындағы ынтымақтастық пен түсіністікті арттыруға бағытталған үлкен шаралардың бірі болып табылады. Кездесуге Түркістан облыстық ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі Өтегенова Жұлдыз, сондай-ақ Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Серикбаев Нұрсұлтан Оспанович және Тұрбат ауылы округінің тұрғындары қатысып, бұл шараның маңыздылығын өз сөздерінде атап өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — аудан тұрғындары арасында әртүрлі этнос өкілдерімен достық қарым-қатынас орнату, мәдениетаралық түсіністікті арттыру және өзара сенім мен құрметтің деңгейін жоғарылату болды. Бұл жоба халықтың түрлі топтарын бір-біріне жақындатып, өзара байланыс орнатуға ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар, тұрғындар арасында қоғамдық келісімді нығайту мақсатында өткізілген кездесу барлық қатысушылар үшін маңызды болды.
Кездесудің барысында спикерлер Ерсұлтан Әмірбек пен Өтегенова Жұлдыз медиация қызметінің қыр-сырын түсіндіріп, оның қоғамдағы орны мен маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді. Медиация — бұл тараптар арасында дауларды шешудің бейбіт жолы, яғни, сотқа дейінгі дауларды келіссөздер арқылы шешуге көмектесетін әдіс. Осы қызметтің құқықтық, әлеуметтік және мәдени аспектілері кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі спикерлерден нақты жауаптар алып, түсініктерін кеңейтті. Бұл шараның нәтижесінде тұрғындар арасында қоғамдық келісімнің нығаюына және этносаралық татулықтың артуына септігін тигізетін маңызды ақпараттар мен тәжірибе алмасу жүзеге асты.