Мәдениет

ҚАЗЫҒҰРТ: ТІЛ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2017 жылдан бері 5-қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» болып жыл сайын аталып келеді. Бұл қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа тұс келді. Біртуар ақынымыз: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы, еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» – деген екен.Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік тілдің жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» – деп мемлекеттік тіліміздің маңызын дәріптеді.Қазақстанды – достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар – алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің талайғы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз, біздің байтақ мәдени мұрамыз және қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар әрбір азаматымызға отаншылдық сезімін орнықтырар болса, тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз. Аудан көлемінде тіл саясатын іске асыру мен насихаттау бағытында атқарылып жатқан істер аз емес. Осы бағытта аянбай еңбек етіп, тіл саясатын тұрақты жүргізуде еңбек етіп келе жатқан бірқатар мамандарды аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Тайбек Қалымбетовтер мерейлі мерекемен құттықтап, арнайы аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

Домбыра күніне орай бірқатар шаралар өткізілді

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia

Психологиялық тест ойыны: Мінез құлқыңызды тексеріңіз!

azatmedia