Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗУДЕ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Қызылата» жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінің балалары жазғы демалыстарын ерекше қызықты әрі тиімді өткізуде. Бұл лагерь балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамда белсенді өмір сүруге баулу мақсатында құрылып, балаларға табиғат аясында демалуға мүмкіндік береді.

Балалар таза ауада серуендеп, табиғат аясына саяхатқа шығып, қозғалмалы ойындар ойнау арқылы күндерін ерекше көңілді өткізіп жатыр. Әрбір күн – жаңа ойындар, жаңа әсерлер мен достармен өткізілген қуанышты сәттерге толы. Табиғаттың сұлулығы балалардың рухын көтеріп, олардың денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқаруда.

“Күншуақ” лагерінің ұйымдастырған іс-шараларына мектептің әр түрлі мамандары белсенді түрде қатысуда:

  • Мектеп мейірағасы жеке бас тазалығы және гигиена туралы маңызды әңгімелер жүргізіп, балалардың салауатты өмір салтын ұстануын қамтамасыз етуде.
  • Тәрбиеші ұстаздар балаларды ойын мен әңгімелесу арқылы бақылап, олардың эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қолдап отыр.
  • Мектеп кітапханашысы қызықты ертегілерді оқып, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға ынталандыруда. Бұл балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың білімге деген ынтасын күшейтеді.
  • Тәрбиеші тәлімгер балалармен таза ауада түрлі ойындар ойнатып, би билеу мен сайыстар ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық және командалық қабілеттерін дамытты.
  • Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс-шаралар мен жаттығуларды жүйелі түрде өткізіп, балалардың физикалық дайындығын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Күнделікті таңғы жаттығулар музыкалық флешмобтармен басталып, балалардың көңіл-күйін көтереді.

Балалар үшін таңғы жаттығулардан гөрі таңғы жақсы ән мен би олардың көңілдерін көтеріп, күні бойы сергек болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, ағылшын тілі пәнінен де тереңірек дәрістер өткізіліп, балалардың шет тілін меңгеру деңгейі артып келеді.

Лагердегі балалар достық қарым-қатынаста болып, бір-біріне қолдау көрсетеді. Олар табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамдық орында жүріп-тұру ережелерін үйреніп, қоғамдық тәртіпке бағынуға дағдыланып келеді. Сонымен қатар, балалар таза ауада дене жаттығуларын жасап, серуендеу арқылы денсаулықтарын нығайтып, ой-өрістерін кеңейтуде.

Осылайша, “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагері балалардың рухани, физикалық және интеллектуалды дамуына ықпал етіп, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыруда үлкен роль атқаруда. Бұл лагерь балалардың жарқын болашағының кепілі болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «TAZA ALEM» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

azatmedia