Ақпарат

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ СЕРПІЛТКЕН ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ КВЕСТ-САЙЫС

Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастардың санын азайту, оларды спорттық белсенділікке баулу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында ерекше әрі тартымды “КВЕСТ” ойыны өткізілді. Бұл іс-шара жастар арасында ынтымақтастық пен командалық рухты арттыруға бағытталған.

Ойынға ауданымызға қарасты 13 ауылдық округтен келген белсенді командалар қатысты. Қатысушылар арнайы дайындалған ойын картасы бойынша белгіленген 6 аялдамаға барып, әр аялдамада ерекше әрі күрделі тапсырмалар мен түрлі кедергілерді жеңуге тырысты. Бұл квест ойындары тек физикалық төзімділікті емес, сонымен қатар логикалық ойлау мен стратегиялық қабілеттерді дамытуды да көздеді.

Қатысушылар ширақтық пен тапқырлық танытып, әр аялдамадағы қиындықтарды оңтайлы шешіп, өздерінің спорттық және зияткерлік шеберліктерін көрсетіп, команда ретінде үйлесімді жұмыс істеудің маңызды екенін дәлелдеді. Әр аялдамада жастарды қызықты әрі пайдалы сұрақтар, түрлі жаттығулар мен топтық тапсырмалар күтті, бұл олардың белсенділігін арттырып, мотивациясын көтерді.

Ойынның соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды:
1-орын – Қарабау ауыл округінің командасы
2-орын – Қақпақ ауыл округінің командасы
3-орын – Шарбұлақ ауыл округінің командасы

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, сонымен қатар барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жастардың еңбегін бағалап, олардың одан әрі дамуына түрткі болды.

Іс-шара соңында бірқатар қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Олар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтіп, көңіл-күйлерін көтергенін, білімдері мен қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болғанын айтты. Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығына шынайы алғыстарын жеткізді.

Жастардың осындай белсенділігі мен ұйымшылдығы – еліміздің болашағына деген зор үміттің, сенімнің және жауапкершіліктің жарқын белгісі болып табылады. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және жастардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

azatmedia

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШАТЫН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТИІМДІ

azatmedia